Петропавлға қорғандық қуыршақ театры «Күлше қыз» спектаклімен келді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облысқа Қорған қаласынан «Гулливер» қуыршақ театрының актерлері келді. Ресейлік ұжым Петропавлда «Күлше қыз» ертегісін сахналамақ, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

 

Спектакльдің қоюшы режиссері – Томаш Альферы. Алена есімді қуыршақты басқаратын Анна Лазареваның айтуынша, басты рөлдегі кейіпкерлің образы арқылы балалардың  бойына мейірімділікті, шыншылдық пен еңбекқорлықты сіңіру қажет.

Бұл спектакль қос өнер ордасы ортасында бекітілген меморандум аясында қойылып отыр. Облыстық қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі Айбол Қасымның айтуынша, былтырғы жылы жергілікті актерлар Қорған қаласына барып, өз өнерлерін паш еткен. Ал биыл олар бізге қонаққа келіп отыр. Ал «Күлше қызды» көруге асыққан көрерменнің қарасы көп.

Облыстық қуыршақ театрының ұжымы тәжірибелерін арттыру мақсатында қазан айында Шымкентте өтетін халықаралық фестивальге қатысуды   жоспарлап отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz