М.Жұмабаев ауданында 5 денсаулық сақтау мекемесі салынады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Мағжан Жұмабаев ауданындағы денсаулық сақтау мекемелерінде 39 дәрігер, 207 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді. Десе де бұл салада ауданға әлі де маман жетіспеушілігі байқалады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі Қайрат Омаровтың айтуынша, ауданға жалпы тәжірибедегі дәрігер, хирург, офтальмолог, кардиолог мамандар жетіспейді.

— Денсаулық сақтау мекемелеріне 6 дәрігер орналасып, әрқайсысына  2,5 миллион теңге мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленген. Медицина ұйымдары жеті 12 арналы телеметриялық электро – кардиографпен жабдықталған. Электрохирургиялық жоғары жиілікті аппараттың және лор-комбайнның сатып алынуы медицина қызметкерлерінің жұмысын едәуір жеңілдеткен. Онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтау 20 пайызға ұлғайған, — дейді Қайрат Омаров.

Сондай-ақ биыл ауданның Қарақоға, Возвышенка ауылдарында дәрігерлік амбулатория салынуда. Келесі жылы Чистов және Совет ауылдарында ФАП, Бәйтерек, Надежка және Бастомар ауылдарында  медициналық пункт бой көтереді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz