Солтүстікқазақстандық аяқ киім сатушылар тауарды міндетті таңбалауға қарсы

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО Кәсіпкерлік палатасының алаңында бұл мәселе бірінші рет көтеріліп отырған жоқ, олар міндетті таңбалауды енгізу тек экспортпен айналысатын өндірушілер мен көтерме саудамен айналысатындар үшін ғана болуы тиіс деп есептейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Qyzyljarnews.kz.

whatsapp image 2022 02 25 at 17.29.48

Бүгін олар бұл мәселені Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясының көшбасшысы Азат Перуашевтің алдында қайта көтерді.

— Міндетті таңбалауды енгізумен келіспеген аяқ киім өнімдерін бөлшек сатушылардан өтініштер түсу жалғасуда. Біз бизнесмендердің ұстанымын толық қолдаймыз, — деді СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Әлібек Ашметов.

Ол аяқ киім бөлшек саудасымен айналысатын жеке кәсіпкер, өзі сатушы, маркетолог және жүк тиеуші екенін атап өтті. Сонымен қатар, бұл бизнестегілердің басым көпшілігі әйелдер.
Өткен жылдың тамыз айынан бастап кәсіпкерлер палатасы республикалық деңгейде кездесулер мен семинарлар өткізді. Бірақ негізгі оператор саналатын «Қазақтелеком» АҚ өкілдерінің тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесінің жетістіктерін мақтауына қарамастан, әлі де болса жетілдіруді қажет ететіні тәжірибе жүзінде дәлелденді.
Сондай — ақ, кәсіпкерлердің айтуынша әр сауда нүктесі қосымша шамамен 1 миллион теңгеге көбірек шығынданатын көрінеді.

Таңбаланған аяқ киім Ресейден импортталатынына қарамастан, олардың кодтары Қазақстанда жарамсыз. Бұл проблемалардың толық тізімі емес. Таңбалау бөлшек аяқ киім сатушыларға жеңілдетілген салық салуға сәйкес келмейді. Мұның бәрі тауарлардың қымбаттауына және көптеген шағын бизнес нысандарының жабылуына әкеледі, — деп түйіндеді СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Әлібек Ашметов.

— Пандемия кезеңінде бізде айтарлықтай табыс болған жоқ. Бірақ саудан орындарын жалдағанымыз үшін, коммуналдық төлемдерді, салықтарды, жалақы бойынша міндеттемелерді төлеуіміз керек. Біздің көбіміз жалдамалы жұмысшыларсыз қалдық, ал кейін бутиктерді азайтуға, тура келді. Мынндай жағдайда таңбалаумен қалай айналысамыз? — дейді жеке кәсіпкер Ангелина Турманаули.

Мәжіліс депутаты бұл талап экспорттаушылар үшін ғана міндетті шарт болуы тиіс және кәсіпкерлерге осы проблеманы одан әрі шешуге көмектесуге дайын екенін жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz