Петропавлда 3 күннің ішінде «102» арнасына 600-ге жуық қоңырау түсті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Полицейлер мерекелік үш күнді қызмет атқарудың күшейтілген режимінде өткізді. Патрульдік полиция батальонының экипаждары аса қауіпті жол учаскелерін, адамдар көп жиналатын орындарды бақылауда ұстады, тұрғындардың шақыртуларына барып шаралар қабылдады, деп хабарлайды qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавл қалалық полиция басқармасының «102» арнасына 3 күннің ішінде 600-ге жуық қоңырау түсті, көпшілігі анықтама сипатында болды. Жедел тексеруді қажет ететін 18 хабарлама тексерілді, оның 8-і ұрлық болса, 7 факті дене жарақатын келтіру болды. Одан бөлек, отбасылық жанжалға байланысты 10 қоңырау түссе, түнде тыныштықты бұзудың 2 фактісі тіркелді.

Облыс орталығындағы жол қауіпсіздігі құқықтық тәртіп сақшыларының ерекше назарында болды. 3 күннің ішінде жолдағы оқиғаларға байланысты 19 шақырту тіркелді. Абырой болғанда, жол-көлік оқиғасында зардап шеккендер болған жоқ.

-Барлық жол қозғалысына қатысушылардан жол-жүрісі ережесін қатаң сақтауды сұраймыз. Жол көктайғақ болуы мүмкін, әсіресе қала сыртындағы жолдар, жануарлардан абай болған жөн.  Бұл ретте, 17 мен 18 желтоқсан күндері Қызылжар және Тайынша аудандарында бос жүрген жылқыларды соғып кетудің екі фактісі тіркелді. Жылқының біреу сол жерде мерт болды, адамдар зардап шеккен жоқ, көлікке зақым келді. Бос жібергені үшін екі жылқының иелеріне қатысты әкімшілік материал жинақталды. — дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы   Айдын Байматов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz