Петропавлдағы ең жоғарғы жалақы орта есеппен 252 мың теңгеден асып отыр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Экономикалық зерттеу институтының мамандары жалақы бойынша қалалар рейтингін жасады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.  

«Жалақы — қаланың басқа елді мекендерге қатысты тартымдылық элементтерінің бірі. Осыған орай ұлттық статбюро дерегіне сүйене отырып, Қазақстанның 26 қаласын қамтитын 2021-2022 жылғы көрсеткіштерді салыстырып, талдау жасалды. Сонымен қатар, жалақы қалалар бөлінісінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің көрсеткіштерімен салыстырылды» делінген институт таратқан мәліметте.

2022 жылдың үшінші тоқсаны бойынша жалақы рейтингі мынадай (теңге):

айлық,
Фото: Экономикалық зерттеу институты

Салыстырмалы кестеден ең жоғары жалақы Жаңаөзенде — 686 744 теңге, ал Талдықорғанда ең төмен — 212 136 теңге болғаны байқалады. Алшақтық 3,2 есе.

Бір қызығы, ең төменгі күнкөріс деңгейі бойынша Жаңаөзен көшбасшы, бұл қалада өмір сүрудің жоғары құнын сипаттай алады (Жаңаөзен — 60 697 теңге, Түркістан — 31 211 теңге).

Ең төменгі күнкөріс деңгейі (прожиточный минимум) ең төменгі қажетті азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын шығыстардың белгіленген үлесіне ұлғайтылған азық-түлік себетінің құнынан қалыптасады.

Мысалы, азық-түлік себетінің құны халықтың әр түрлі жыныстық және жас топтары үшін азық-түлік себетіне кіретін азық-түлікті тұтынудың ғылыми негізделген физиологиялық нормаларын орташа бөлшек сауда бағасына көбейту арқылы есептеледі.

Осылайша күнкөріс деңгейінің шамасын құрайтын азық-түлік себеті мен азық-түлікке жатпайтын тауарларға жұмсалатын шығын елді мекенде «өмірдің қымбаттығын» көрсетуі мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz