Петропавлда «Ағаш отырғыз» акциясы өтті

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда табиғи ресурстар және табиғатты  пайдалануды реттеу басқармасы «Бірге – таза Қазақстан» іс-шарасы аясында «Ағаш отырғыз» экологиялық акциясын өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Шараға облыстағы түрлі мекеме өкілдері, ардагерлер мен «Жасыл ел» жастар жасағының белсенділері қатысты. Мещан орманының Есіл өзені жақ бетіндегі 1 гектар алқапқа қарағай көшеттері отырғызылды.

-Бүгінгі акцияға қатысқан адамдарға алғыс айтамын. Оларға алдын-ала ағаш егу талаптарын түсіндірдік. Жас көшеттер қурап  қалмайтындай етіп егудің де өз талаптары бар. Қажетті құрал-саймандар мен су, көшеттер жеткізілді.  Күні ертең осы жас өскіндер жайқалып, ну орманға айналатынына, қалалықтардың сүйікті демалыс орны болатынына сенімдіміз, — деді облыстық табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бейбіт Исманов.

Жалпы акцияға 200-ден астам адам қатысты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz