Құмар Ақсақалов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында солтүстікқазақстандық хоккейшілер туралы жазба қалдырды

Авторы: Qyzyljar News

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында хоккейден Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы матчтарын көріп жүретінін жазды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Бүгін біздің команда шешуші ойында Италияны жеңіп, жоғары дивизиондағы орнын сақтап қалды. Әрине, біздің команданың ойынына қатысты сауалдар бар, бірақ біздің жас хоккейшілер ел намысы үшін барын салуда. Әсіресе, солтүстікқазақстандық хоккейші Әділ Бекетаевтың ойынын ерекше атап өтуге болады. Айтпақшы, Әділ СҚО-ның атынан әлем чемпионатына қатысқан алғашқы хоккейші. Жігіттерімізге келесі әлем чемпионатында сәттілік тілеймін. Алға, Қазақстан, — деп жазды өңір жетекшісі.

Айта кетейік, шайбалы хоккейден әлем чемпионаты мамырдың 13-і мен 29-ы аралығында Финляндияда өтуде. Қазақстан құрамасы Италия командасын 5:2 есебімен жеңіп, 2023 жылы элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалды.

Фото: Құмар Ақсақаловтың әлеуметтік желідегі парақшаларын

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz