Солтүстік Қазақстан облысында экстремистік сипаттағы ақпарат таратқандар ұсталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басынан бері облыстық экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерде діни мазмұндағы медиафайлдарды таратудың 2 фактісін анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұл фактілер бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы, яғни «Қазақстан Республикасының діни қызмет туралы заңнамасын бұзғаны үшін» әкімшілік іс қозғалды. Бұдан бөлек, экстремистік сипаттағы материалдарды таратудың 1 фактісі анықталды. Құқық бұзушыға айыппұл салынады. Аталған материалдар бойынша сараптамалар тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

-Интернет-ресурстарын қолдану қарым-қатынас жасауды және ақпаратпен алмасуды жеңілдете түсті.

Мессенджерлерде және әлеуметтік желілерде ақпараттарды қайта жолдау әдеттегі іскеа йналды Алайда, заңнама талаптарына сәйкес діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды діни ғимараттарда, дінибілім беру ұйымдарында, сондай-ақжергілікті атқарушы органдар арнайы белгілеген стационарлық үй-жайлардағана таратуға болатынын білген жөн, дейді облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Жарасбаев.

Айта кеткен жөн, облыс аумағында 16 арнайы дүкен жұмыс істейді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz